Роза Рымбаеваның кенже ұлы көзіне ота жасатты (видео)
Жарияланған күні:
Халық әртісі Роза Рымбаеваның кенже ұлы көзіне ота жасатты. Мәди Рымбаев Instagram желісіндегі парақшасында көз жанарын жақсарту үшін отаның көмегіне жүгінгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Оның айтуынша, алдымен жеңгесі мен ағасы көзіне ота жасатып, сосын Мәдиге кеңес берген.
"Ота бітті. Мен күткендей қорқынышты емес екен. Ота кезінде де ештеңе сезбедім. Тезірек қалпыма келіп, бәрін жақсы көргім келеді.
Бұл жерге ағам мен жеңгемнің айтуымен келдім. Олар да көзіне тура менікіндей ота жасатты. Осыдан кейін мен де көзіме ота жасатуға келісімімді бердім. Бір көзім -2, екіншісі -2,25 еді. Қазір екі көзім де 120 пайызға көреді. Өте қуаныштымын", - деді Мәди Рымбаев.
Айта кетейік, Мәди Рымбаев - Роза Қуанышқызының екінші ұлы. Мәди де анасы мен ағасы Әли Оқапов секілді өнер саласында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058640-roza-rymbaevanyn-kenze-uly-kozine-ota-zasatty-video/