Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп жыладым": Мақпал Исабекова күйеуі екеуінің арасындағы түсініспеушілік жайлы айтты (фото)

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/makosyai

Әнші Мақпал Исабекова психологтың қабылдауында болғанын айтты. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында күйеуі екеуінің ортақ тіл табыса алмай жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін психолог қабылдауынан кейін көп жыладым. Жан дүнием жылап тұр. Себебі, күйеуім екеуіміз бір-бірімізді түсінбейміз. Отбасылық өмір бұл - өзара байланысты жоғалтпау, сөйлесе білу және келісімге келу. Бізде мұның орындала бермейтіні өкінішті.

Кикілжің кезінде мен айқайлап, сабырға келе алмай қаламын. Меніңше, мені естімейді. Жұбай және ана атанғаныммен, мен әйел екенімді ұмытпадым. Алайда мұны ер азаматтар ұмытып кететін секілді. Қалауымды құнсыздандыруы мен елемеуі және уайым мен қорқыныш менің өкпелеуіммен, ашылып әңгімелескім келмеуімен аяқталады. Мұның бәрінің мағынасы қалмаған сияқты", - деп жазды Мақпал Исабекова.

Еске сала кетейік, Мақпал Исабекова 2021 жылы мамыр айында тұрмысқа шыққан болатын. Ол сүйіктісімен мешітте шариғат жолымен некесін қидырған еді.

Ал арада бір жыл өткенде өнер иесі ана атанып, ұлды болды.

Мақпал Исабекова сторис
Мақпал Исабекова сторис. Скриншот: instagram.com/makosyai

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058754-magynasy-qalmagan-sekildi-maqpal-isabekova-kuieui-ekeuinin-arasyndagy-tusinispeusilik-zaily-aitty-foto/

pixel