Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айсараның рөлінен шыға алмай қалды": Дариға Бадықова ел арасында тараған сөзге жауап берді

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: www.instagram.com/dariga_badykova

Актриса Дариға Бадықова былтыр желтоқсан айында көпшілікке "Таптым-ау, сені" туындысын ұсынды. Өнер иесі Aq pen Qara бағдарламасында өзі түскен телехикаядағы рөлінен шыға алмай қалдым деген күмән үшін кино түсіргенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Айсараның рөлінен шыға алмай қалдым деген күмән болғаны үшін "Таптым-ау, сені" фильмін түсірдім. "Келінжан" ғұмыры ұзақ әрі әдемі сериал болды. Телехикая 6-7 жылға созылды. Сол үшін көрермен Айсараны қабылдады.

Осыдан кейін "Таптым-ау, сені" киносын әдейі осылай жасадым. Одан кейін әйел заты, еркекшора қыз көтере алмаса да, барлық жүкті өз мойынына алады ғой. Бірақ әйел заты ол жүкті көтере алмайтынын дәлелдетті ғой", - деді Дариға Бадықова.

Сонымен қатар өнер иесі актерлерді экраннан жиі көрінгені үшін сынайтындарға жауап берді.

"Басқа Бадықова жоқ. Басқа Әбдірайымов, басқа Қоянбаев жоқ. Құдай әрқайсымызды жалғыздан жаратты. Құдайдың жоспарына қарсы шыға алмайсың ғой. Қай жақтан табады енді? Комедияның да, драманың да образын өзгертуге болмайды", - деді Бадықова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Дариға Бадықова киносын сынаған режиссер Ермек Тұрсынов пен кәсіпкер Ахметбек Нұрсилаға жауап қайтарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058808-aisaranyn-rolinen-syga-almai-qaldy-dariga-badyqova-el-arasynda-taragan-sozge-zauap-berdi/

pixel