Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмсайтын бөлігін аламын": актриса Ақерке Арыс отбасында ақша кімнің қолында екенін айтты

Опубликовано:

Ақерке Арыс
Ақерке Арыс. Видеодан кадр: Youtube/Мамский әңгіме

Актриса Ақерке Арыс үйінде ақша ұстамайтынын айтты. Өнер иесі REVUE NEWS бағдарламасында отбасында маңызды шешімдерді күйеуі қабылдайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Отбасымызда ақша менде емес. Жұмсайтын бөлігін ғана аламын. Қалған ақша - күйеуімде. Шешімді күйеуім қабылдайды. Тек кеңес беремін. Соңғы шешімді күйеуім қабылдайды.

Күйеуім мен әкем өте қатты ұқсайды. Әкем күйеуімді қатты жақсы көреді. Әкем ашық, иілгіш", - деді Ақерке Арыс.

Айта кетейік, осыған дейін Ақерке Арыс алғаш рет отбасы туралы ашыла сұхбат беріп, ұлының сырқаты туралы айтып берді. Өнер иесі тұңғышына көп көңіл бөле алмағаны үшін өзін кінәлайтынын жеткізді.

"Ұлымның диагнозын сіңлім бірінші байқады. Оның мамандығы дефектолог еді, "Ұлдарыңды көрсетіп алыңдаршы, ауытқушылығы бар сияқты" деді. Мен оның сөзін көтере алмай, өзіне ұрыстым. Бірақ кейіннен соның айтқаны дұрыс келді. Баламызға "ЗПРР" деген диагноз қойды. Ата-аналардың дені баласынан табылған диагнозды қабылдамайды. Менде де солай болған. Жұмыс деп те балаларыма уақыт бөлмей кеттім бе деп те өзімді кінәлаймын. Сосын өте көп телефон ұстады. Тыныш отырады деп телефон беріп қойдық. Өзім қызыммен жүрдім. Миының дамымай қалуына да смартфон әсер еткен сияқты", – деді актриса. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058879-zumsaityn-boligin-alamyn-aktrisa-aqerke-arys-otbasynda-aqsa-kimnin-qolynda-ekenin-aitty/

pixel