Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық келіншек Бейбіт Қорғаннан 4 жасар баласы барын айтты: әнші ДНҚ сараптамасын тапсырды (видео)

Опубликовано:

Бейбіт Қорған
Бейбіт Қорған. Фото: Instagram / @beibitkorgan

Былтыр қараша айында атыраулық келіншек "Астарлы ақиқат" бағдарламасында Бейбіт Қорғаннан 4 жасар баласы барын айтқан болатын. Тележүргізуші Дина Төлепберген әншінің ДНҚ сараптамасын тапсырғанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы Дина Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Бейбіт Қорған ДНҚ тапсырды. Бірақ бір ғана күдік бар! Бетін бүркеп, түрін тұмшалаған Бейбіттің өзі ме? Сот қабылдаған сынамаға қаншалықты сенуге болады?

Өйткені, дауысын естімедік, түрін көрмедік, камераға түсірмедік. Мен және менің командам бұндайды алғаш көруіміз", - деп жазды Дина Төлепберген.

Сонымен қатар тележүргізуші әншінің ДНҚ сараптамасын Атырау қаласында тапсырғанын айтты.

"Бейбіттің болжамды баласы не болды? "Астарлы ақиқат" бағдарламасын жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ тапсыру үшін, оны ақыры сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Құтты бір отадан шыққан Майкл Джексон секілді. "Маска шоу" жайына қалады.

Ауыр диагноздағы бала жайлы бірнәрсе айта ма деп едік, ләм-лим демеді. Бізден қашса да, ақыры Атырауда, заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды. Нәтижесін сот бір айдан кейін жария етуі тиіс", - деді Дина Төлепберген.

Еске сала кетейік, атыраулық келіншек осыдан 5 жыл бұрын әнші Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырып, ұлды болғанын айтты. Әйел төрт жасар баласы әншінің ұлы екеніне сенімді екенін жеткізген болатын.

Алайда Бейбіт Қорған бағдарлама редакторларына телефон арқылы жауап беріп, ол әйелді танымайтынын жеткізді және әнші ДНҚ тапсырудан бас тартқан болатын.

"Жоқ, мен ондайды білмеймін. Екінің бірі "Менен балалы болдым" десе, әрқайсысына ДНҚ тапсыруым керек пе? Қалай сонда? Екінің бірі солай айта берсе, сене бермейміз ғой. Мен бармаймын. Не үшін баруым керек? Танымайтын адамның айтқанына жүгіріп бара бермеймін. Ондай адам емеспін. Танымаймын", - деп жауап берген еді Бейбіт Қорған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058961-atyraulyq-kelinsek-beibit-qorgannan-4-zasar-balasy-baryn-aitty-ansi-dnq-saraptamasyn-tapsyrdy-video/

pixel