jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Елордада үш жасар қызды құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев отандық әншімен дуэт айтпақшы (видео)

    Сәбит Шонтақбаев
    Сәбит Шонтақбаев. Фото: instagram.com/sg_fund

    Сәбит Шонтақбаев 2022 жылдың 11 мамырында Астананың сол жағалауындағы үйлердің бірінен құлағалы тұрған баланы құтқарып қалған болатын. "Ерлігі үшін" медалінің иегері отандық бағдарламада Альбина Шардаровамен ән айтпақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Сәбит Шонтақбаев - "Ерлігі үшін" медалінің иегері. Осыдан 2 жыл бұрынғы оқиға оның есінен әлі кетпеген. Ол құтқарып қалған кішкентай қыздың отбасымен араласып тұрады. Сәбит мырза көпбалалы әкелердің қатарында. Жаңа жобада оның жұбы Альбина Шардарова болмақ", - деп жазды Qazaqstantv Instagram желісіндегі парақшасында.

    Ал Шонтақбаевтың өзі сахнада өлең айтудың алғашында ауыр болғанын жасырмады.

    "Әу демейтін қазақ жоқ қой. Арасында ән шырқап тұратыным бар. Бірақ, кәсіби әнші емеспіз ғой. Сахнаның ауа райы бөлек болады екен. Сахнада өлең айту ең алғаш ауыр болды. Енді екінші түсірілімге түсеміз. Шамалы денем үйреніп қалды", - деді Шонтақбаев сұхбат барысында.

    Естеріңізде болса, Сәбитке үлкен ерлік көрсеткені үшін еліміздегі құрылыс компанияларының бірі үш бөлмелі пәтер сыйға тартқан болатын.

    Елордада үш жасар қызды құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев отандық әншімен дуэт айтпақшы (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.