Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада үш жасар қызды құтқарған азаматқа үш бөлмелі пәтер берілді

Опубликовано:

Сәбит Шонтақбаев
Сәбит Шонтақбаев. Фото: instagram.com/sg_fund

Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатының терезесінен құлауға шақ қалған үш жасар қызды құтқарған азаматқа үш бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Күллі қазақстандықтың назарын аударған оқиға бүгін Нұр-Сұлтан қаласында болған еді. Таңертең жұмысқа кетіп бара жатқан Сәбит Шонтақбаев көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатынан құлай жаздаған 3 жасар қызды құтқарып қалды. Өз өмірін қатерге тіккен азаматтың ерлігін көпшілік те, тиісті мекемелер де жоғары бағалады.

Дәлірек айтсақ, Сәбитті ТЖМ "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапаттап, қолсағат сыйлады.

Көп ұзамай қала әкімі Алтай Көлгінов әкімдік Сәбит Шонтақбаевты жұмысқа орналастырып, несиесін жабуға көмектесетінін хабарлады.

Мұнымен қуанышты жаңалық тоқтаған жоқ. "G-park" құрылыс компаниясының иесі Ғабит Сәтмағамбетов үш жасар қызды аман алып қалған азаматқа өз алғысын білдіріп, үш бөлмелі пәтер сыйлады.

"Үш жасар қызды құтқарған Сәбитке алғысым да, таңданысым да шексіз. Мұндай әрекетті бағаламау мүмкін емес. Өз кезегімде біздің заманның батыры үй іздеу мәселесін ойламауға лайық деп ойлаймын. Менің шешімім - қаһарманға үш бөлмелі пәтер сыйлау", - деп жазды Сәтмағамбетов.

Айта кетейік, Сәбит Шонтақбаев астанаға Қызылордадан бірнеше апта бұрын жұмыс іздеу мақсатында келген. Оның зайыбы мен төрт баласы Қызылорда қаласында. Жанұя осыған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968858-elordada-us-zasar-qyzdy-qutqargan-azamatqa-us-bolmeli-pater-berildi/

pixel