Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкесі өмірден өткен Бағлан Әбдірайым жұмысын қайта жалғастыру үшін халықтан рұқсат сұрады (фото)

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов әкесімен
Бағлан Әбдірайымов әкесімен. Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official

Осыдан он күн бұрын әнші Бағлан Әбдірайымовтың әкесі өмірден өткен болатын. Өнер иесі жұмысын қайта бастау үшін халықтан рұқсат сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ауылда әкемнің жеті күндік асын бердік. Ағайын-туыс, дос-жаранға мың алғыс білдіремін. Енді рұқсат етсеңіздер, әлеуметтік желіні жүргізуді жалғастыра берсем деймін. Тірі адам тіршілігін жасайды емес пе? 25 сәуір кином күтіп тұр. Жеке өмірім бар, көкпарым бар.

Дұрыс түсініңіздер! Анам бар. Төрт қарындасым, бала-шағам бар. Өмір сүруіміз керек", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Бағлан Әбдірайымов сторис
Бағлан Әбдірайымов сторис. Скриншот: instagram.com/baglan_abdraimov_official

Еске сала кетейік, осыдан он күн бұрын әншінің әкесі өмірден өткен еді.

Әкесін жер қойнына тапсырған Бағлан Әбдірайымов оның соңғы жазған хатын жариялаған болатын.

Сонымен қатар әнші сахнада 20 жыл жүріп, әке-шешесінің жағдайын жасауға тырыспағанына күйінген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059080-akesi-omirden-otken-baglan-abdiraiym-zumysyn-qaita-zalgastyru-usin-xalyqtan-ruqsat-surady-foto/

pixel