Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағдыр": Ақбота-Нұр бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұловпен қазір қандай қарым-қатынаста екенін айтты (видео)

Опубликовано:

Ақбота Сейтмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов
Ақбота Сейтмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Кеше Ақбота Сейтмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов ортақ ұлының сүндет тойын өткізді. Ажырасып кеткен жұлдызды жұптың қазір қандай қарым-қатынаста екені белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейтмағамбет бұрынғы күйеуімен өзін не байланыстыратыны жайлы Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Дәурен, саған көп рахмет! Балаларымыз аман болсын! Бүгін бес баланың басын қостың. Бес баланы бір-біріне бауыр, дос болсын деп, жат болмасын деген ниетпен әкелдік. Ешқандай жаман ой да, ниет те жоқ. Бастысы бір қаннан шыққанын түсіндіргіміз келді.

Өмір солай болды. Тағдыр. Ешкімге ештеңе дей алмайсың. Дәурен екеуіміз бөлек болсақ та, біздің достығымыз бар. Ортамызда балалар бар. Оның үш баласы - менің де балам. Менің балаларым - бәрінің балалары. Оның бес баласы бар болса, менің де бес балам бар. Ең бастысы аман болсын", - деді Ақбота Сейтмағамбет.

Еске сала кетейік, Ақбота Сейтмағамбет кеше ұлының сүндет тойын дүркіретіп өткізді. Актриса тойда бұрынғы енесіне алғыс айтып, көзіне жас алған болатын.

Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбеттің тұңғышы 2017 жылы өмірге келді. Жұлдызды жұп 2020 жылы ажырасты. Бұл актердің екінші некесі болатын. Айдарқұловтың бірінші отбасынан - үш, екінші некесінен - екі баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059301-tagdyr-aqbota-nur-buryngy-kuieui-dauren-aidarqulovpen-qazir-qandai-qarym-qatynasta-ekenin-aitty-video/

pixel