Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сақ болыңыздар": отандық актриса алаяққа сеніп, қомақты қаражатынан айырылғанын айтты (видео)

Опубликовано:

Гүлнар Байбосынова
Гүлнар Байбосынова. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Актриса Гүлнар Байбосынова әлеуметтік желіде көпшілікті алаяқтардан сақ болуға шақырды. Өнер иесі өзінің де алаяқтардың құрбаны болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса Instagram желісіндегі парақшасында оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді.

"Мен киноактриса Гүлнар Байбосынова 2023 жылы қыркүйек айында ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша полицияға арыздандым. Сол күні менің арызымды қабылдап, қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар оны қамауға алды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Біздің полицейлерге алғыс айтамын. Олар өз халқын қорғай алады.

Ал, сіздерге айтарым, сақ болыңыздар! Қазір алаяқтар өте көп", - деді Гүлнар Байбосынова.

Еске сала кетейік, осыған дейін актриса ЭКҰ арқылы 47 жасында ұлды болғанын ашып айтқан болатын.

"Мен жүре беріппін. 1990 жылы бәрі бизнеc бастап, базарға шығып кетті ғой. Мен де соған кірістім. Сөйтсем, көзді ашып-жұмғанша 15 жыл өтіп кетіпті. Арасында сіңлімді тұрмысқа беріп, оған пәтер алып, біреуді шетелге оқытып, жүгіріп жүрдім. Өзімді ұмытып кеткенмін ғой.

Қарасам, 2010 жыл келіпті. Мен 46 жастан асып жатыр екенмін. Анам "Жиендерің бар, уайымдамайсың. Бірақ өз балаңдай болмайды ғой. Қазір медицина дамып жатыр. Бәлкім, сен де ЭКҰ-ға барып көрерсің. Әкең уайымдап жатыр" деді. Мен дәрігерлерге бардым. Олар "Сәл кешіккенде ештеңе болмас еді" деді. 47 жасымда ЭКҰ арқылы дүниеге Жәңгірханды әкелдім", - деген болатын Байбосынова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059323-saq-bolynyzdar-otandyq-aktrisa-alayaqqa-aldanganyn-aitty-video/

pixel