Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"47 жаста дүниеге әкелдім": актриса Гүлнар Байбосынова ЭКҰ арқылы ұлды болғанын айтты

Опубликовано:

Гүлнар Байбосынова
Гүлнар Байбосынова. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Актриса Гүлнар Байбосынова ЭКҰ арқылы 47 жасында ұлды болғанын ашып айтты. "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында өнер иесі тұрмыста болғанын да баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"47 жасымда дүниеге әкелдім. Оған ата-анам себепші болды. Мен жүре беріппін. 1990 жылы бәрі бизнеc бастап, базарға шығып кетті ғой. Мен де соған кірістім. Сөйтсем, көзді ашып-жұмғанша 15 жыл өтіп кетіпті. Арасында сіңлімді тұрмысқа беріп, оған пәтер алып, біреуді шетелге оқытып, жүгіріп жүрдім. Өзімді ұмытып кеткенмін ғой. Қарасам, 2010 жыл келіпті. Мен 46 жастан асып жатыр екенмін.

Анам "Жиендерің бар, уайымдамайсың. Бірақ өз балаңдай болмайды ғой. Қазір медицина дамып жатыр. Бәлкім, сен де ЭКҰ-ға барып көрерсің. Әкең уайымдап жатыр" деді. Мен дәрігерлерге бардым. Олар "Сәл кешіккенде ештеңе болмас еді" деді. 47 жасымда ЭКҰ арқылы дүниеге Жәңгірханды әкелдім", - деді Байбосынова.

Сонымен қатар актриса тұрмыста болғанын және ажырасып кеткенін айтты.

"Жақсы жігітке тұрмысқа шықтым. Екеуіміз бірнеше жыл бақытты болдық. Бала болмағаннан кейін менде комплекс пайда болып, өзімді жеп қойдым. Ер адам болғасын өз ұрпағының жалғасқанын қалайды ғой. Болмағаннан кейін ойландым да, ажырасып кеттім. Одан кейін қайта тұрмыс құрмадым", - деді актриса Гүлнар Байбосынова.

Айта кетейік, осыған дейін актриса Желтоқсан көтерілісіне қатысқанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044727-47-zasta-duniege-akeldim-aktrisa-gulnar-baibosynova-eku-arqyly-uldy-bolganyn-aitty/

pixel