Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ән өлейін деп тұр": Тоқтар Серіков танымал "Көршінің қызы" әні жайлы айтты

Опубликовано:

Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева
Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева. Фото: instagram.com/toktar.serikov

Әнші Тоқтар Серіков өз орындауындағы "Көршінің қызы" әнін алғашында мүлде орындағысы келмеген. Өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында аталмыш әнге қатысты қызықты оқиғасын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұл ән дуэтке жатпайды. "Көршінің қызы" менің жеке орындауымдағы ән. Бұл әнді мен орындамауым керек болған. Әнді алғаш Бекжан Әшірбеков әкелген кезде, маған мүлде ұнамады. Содан Ұлықпан Жолдасов "Бұл әннің дауысын жаз. Әншілерге көрсетейік" деді. Содан әнді студияда мен айтып тұрмын. Бір кезде студияға Бейбіт кіріп келе жатыр. "О, мына жерін екеуіміз айта салайықшы" дедім. Ол келді де "Ла-ла-ла, на-на-на-на-нанаа" деген жерін екеуіміз айта салдық. Аяқ астынан болған дүние. Содан кейін әнді тастадым да кеттім.

Ертесіне Ұлықпан аға "Студияға тез кел" деп хабарласты. Бірнәрсе болып қалды ма десем, "Мына әнді сен айтпасаң болмайды. Бір ән өлейін деп тұр" деді. Тыңдасам, ән өңделгеннен кейін әдемі болып шығыпты. Айтсам, айтайын дедім. Бекжан ағаға хабарластық. Ол кісі қуанды. Сол күні радиоға бердік. Ертесіне сол ән хит болды ғой," - деді Тоқтар Серіков.

Сонымен қатар әнші осыдан кейін көпшіліктің Бейбіт Сейдуәлиеваны "көршінің қызы" деп атап кеткенін айтты.

"Шымкентте жолшыбай келе жатып, бір кафенің алдында отырмыз. Шай ішіп отырсақ, жас балалар жүгіріп өтті. "Ойбай, Тоқтар Серіков" дейді. Тыңдап отырсам, "Жанында көршінің қызы отыр" дейді", - деп күлді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059368-an-oleiin-dep-tur-toqtar-serikov-tanymal-korsinin-qyzy-ani-zaily-aitty/

pixel