jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Үйде отырады": көпшілікке сүйіктісін таныстырған Amre үйлену тойының қашан болатынын айтты

Ернар Садырбаев
Ернар Садырбаев. Фото: instagram.com/amre_official

Көпшілікке Amre лақап есімімен танымал әнші Ернар Садырбаев осыдан біраз уақыт бұрын сүйіктісімен көзге түскен болатын. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында үйлену тойының қашан болатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жоспар бойынша биыл той. "Жақсы сөз - жарым ырыс" дейді. 29 жасыма дейін тек жұмыс деп жүріппін. Жеке өмірімді мүлде ойламаппын. Бір қызбен нақты кездесіп көрмеппін. Қыз туралы ойламадым. Ойымда тек белгілі бір сатыға өсу болған.

Әке болғым келеді. Сүйікті жар болғым келеді. Себебі менің отбасым сондай. Анам мен әкем бір-біріне адал болды. Әкем мен шешем мені, бауырымды өсірді, бақты. Біз үшін бәрін жасады. Менде отбасының жақсы моделі бар. Мен де сондай отбасы болғым келеді", - деді әнші.

Сонымен қатар Ернар Садырбаев болашақ жұбайына қоятын талабын айтты.

"Болашақ жарыма үйде отырасың, ыдыс жуасың деп айтқым келмейді. Бірақ бір үйге бір өнер адамы жетеді. Мен әрдайым түзде жүретін адаммын. Гастролім, концерттерім бар. Болашақ жарым үйде отырады. Қалада болғанын қалаймын. Балалар, менің әкем мен шешем бар. Ол өте маңызды", - деді Amre.

Еске сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын Amre сүйіктісін көрсетті. Орамалдағы ғашығының суретін өнер иесі әлеуметтік желіде жариялады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.