Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Домбыра мен шахмат бар: Асанәлі Әшімов жеке заттары мен қолжазбасын архивке тапсырды

Опубликовано:

Асанәлі Әшімов актер
Асанәлі Әшімов. Скриншот: Алтынбек Қоразбаевтың концертінен

Қазақстан халық әртісі Асанәлі Әшімов жеке заттары мен қолжазбасын, ордендерін архивке тапсырды. Театр және кино актері тапсырған жәдігерлер саны 200-ден асады, деп хабарлайды "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Халық әртісі бағдарламаға видео арқылы қосылып, құнды заттары туралы айтып берді.

"Жақында қалалық архивте менің екі бөлмелі музейім ашылды. Сонда өзімнің жеке қолданған заттарым, оқыған кітаптарым, жазған күнделіктерім өткізілді. Одан бөлек кинодан, театрдан естеліктер, көп зат өткізілді.

Енді ол келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін бұрыш деп есептеймін. Алдағы уақытта қамқорлыққа алып, толықтыруға мүмкіншілігіміз бар. Қай жерге бармасақ та, музей қараймыз. Сол арқылы көп нәрсе білеміз", - деді Асанәлі Әшімов.

Сонымен қатар актер 200-ге тарта заттың ішінде қимастықпен берілгені барын да атап өтті.

"Оның ішінде жақсы домбыра бар. Шахмат бар. Қимайтын ештеңе жоқ. Бірақ ойнап, үйренген заттарым ғой. Қимайсың. Бірақ болашақ ұрпаққа жасалған дүние ғой", - деді Асанәлі Әшімов.

Еске сала кетейік, былтыр Асанәлі Әшімов өнердегі інісі Алтынбек Қоразбаевқа шапанын ырымдап жапты. Актер оншақты жыл киілген шапанын композитор Алтынбек Қоразбаевтың 75 жылдың мерейтойына тарту еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059561-dombyra-men-saxmat-bar-asanali-asimov-zeke-zattary-men-qolzazbasyn-arxivke-tapsyrdy/