Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баладан бас тартпадым": Кенжебек Нұрдолдай үйленгені жайлы ақпаратты жоққа шығарғанын мойындады

Опубликовано:

Кенжебек Нұрдолдай
Кенжебек Нұрдолдай. Скриншот: Stars News youtube арнасы

Осыған дейін отандық жас әнші Кенжебек Нұрдолдайдың отбасына қатысты дау желіге тараған болатын. Өнер иесі "Көреміз" бағдарламасында әлеуметтік желіге тараған үйлену тойының видеосы рас екенін мәлім етіп, бұрынғы әйелінен кешірім сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Осыған дейін оның бұрынғы жұбайы Жәмилия отандық бағдарламаға келген болатын. Келіншектің айтуынша, әнші баласынан бас тартқан және әйеліне қол көтерген.

"Тойды фейк дегенім, менен кеткен қателік болды. Бұл әңгімем үшін Жәмилияның ата-анасынан және өзінен кешірім сұраймын. Бұл қатты тиеді деп ойламадым. Шынымен, ол кезде мендегі концерттің қайта-қайта уақыты өзгерді. Отбасымдағы кикілжің осы уақытта шығып, қарбаласып жатты. Сол уақытта ашулы, сабырсыз күйде болдым. Осыны тезірек жауып тастау үшін мен осылай айта салған болатынмын. Аңдамай сөйледім.

Бұл жерде ең айтқым келетін шындық, баладан ешқашан бас тартпағанмын. Адамда әртүрлі эмоция болады. Ол кезде менде концертке дайындық болып жатқан. Үлкен стресс болды да, сондай сөздер кетіп қалды. Әр адам пенде болғасын қателеседі. Адамдарға осы мәселе әдейі айтқан сияқты болып тимесін", - деді Кенжебек Нұрдолдай.

Сонымен қатар Кенжебек Нұрдолдай бұрынғы жұбайына қол көтермегенін айтты.

"Жолдас баламның туған күнінде Жәмилиямен таныстық. Сөйтіп араласып кеттік. Қазан айында мен ата-анама үйленетінімді айттым. Басында жақындарым Жәмилияға да, үйленуге де қарсы болды. Ол менен үш жас үлкен болды. Алайда мен жақындарыма ауыр сөз айттым. Ал қараша айында Жәмилияның аяғы ауыр болды. Сосын түсік болды. Бірақ ата-анамызға үйлену үшін аяғы ауыр деп айттық. Ал ақпан айында аяғы ауырлады.

Мен жауапкершілік алғасын, жақындарым келісіп, шілде айында үйлену тойы өтті. Сонда наурыз айынан бастап, қазан айының 28-не дейін бірге тұрдық.

Мен ешқашан әйел баласына қол көтерген емеспін. Алла көріп тұр. Не үшін олай айтқанын өзім түсінбей отырмын. Оны ақтарғым да, араласқым да келмейді. Өзім отбасымда абьюзерліктен өткенмін. "Отбасымда жасамаймын" деп шешім қабылдағанмын", - деді әнші.

Еске сала кетейік, ерекше дауысымен көпшіліктің жүрегін жаулаған отандық әнші Кенжебек Нұрдолдай шаңырақ көтерді. Әншінің тойының видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059656-baladan-bas-tartpadym-kenzebek-nurdoldai-uilengeni-zaily-aqparatty-zoqqa-sygarganyn-moiyndady/