Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өтірігіңе жол болсын": Дариға Бадықова пайда үшін араласпайтынын айтқан адамдарға шүйлікті

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: instagram.com/dariga_badykova

Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде әлдекімдерге шүйлікті. Ол Instagram-дағы парақшасында пайдасы жоқ адаммен ешкімнің араласқысы келмейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Пайда үшін араласпаймын дейтіндерге, ішімнен оттамаңдаршы деймін.

Барлық адам пайда үшін араласады. Керек десең, намысын да бір жеріне тығады. Пайдасы жоқ адаммен кім араласқысы келеді? О, тоба! Өтіріктеріңе жол болсын дегім келмейді", - деп жазды актриса.

Еске сала кетейік, осыған дейін Дариға Бадықова киносын сынаған режиссер Ермек Тұрсынов пен кәсіпкер Ахметбек Нұрсилаға жауап қайтарған болатын.

Сонымен қатар өнер иесі неліктен тойға күзетшімен шыққанын да түсіндіре кетті.

"Біз "Болдық, толдық. Ойбай, күзетші беріңдер" демедік. Біз ұжымдық кешке бардық. Бізге де ақша керек. Өнер арқылы ақша табуымыз керек. Дәрігер де, мұғалім де өз мамандығы арқылы ақша табады. Күзетшіні мейрамхананың иелері берді. Өйткені, ұжымдық кеш болып жатыр. Халық өзі жылына бір рет көңіл көтереді. Ондай кезде адам көп болады. "Қыспасын", "Біреудің зияны тиіп кетпесін" деп берді. Біз әр түрлі адамбыз. "Біреу бірнәрсе істеп кете ме?", "Тығып ала ма?" деп берілді...", - деген болатын Дариға Бадықова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059790-otirigine-zol-bolsyn-dariga-badyqova-paida-usin-aralaspaitynyn-aitqan-adamdarga-suilikti/

pixel