Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тележүргізуші Ирина Тен екінші рет ана атанды (видео)

Опубликовано:

Ирина Тен
Ирина Тен. Фото: instagram.com/iris_ten10

Қазақстандық тележүргізуші Ирина Тен осыдан біраз уақыт бұрын гендер-пати өткізген болатын. Ол Instagram желісіндегі парақшасында қыз босанғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тележүргізуші ақпан айының 7-де босанған.

"Әдемі әлемге қош келдің, қызым. Біз сені асыға күттік. Ана бақытын сезіндіргенің үшін мың алғыс", - деп жазды Ирина Тен.

Желі қолданушылары тележүргізушінің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін арнады.

"Бауы берік болсын", "Құттықтаймын", "Қош келдің, балапан", "Бақытты қыз боп өссін", - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, қараша айында тележүргізуші мен отбасы болашақ сәбидің жынысын білу мақсатында гендер-пати өткізген болатын.

Сол кезде видеодан шар ішінен алқызыл түсті қыз баланың киімі шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060074-telezurgizusi-irina-ten-ekinsi-ret-ana-atandy-video/

pixel