Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басқа ұлт өкілі": әнші Гүлнар Сиқымбаева алғаш рет күйеуі жайлы айтты

Опубликовано:

Гүлнар Сиқымбаева
Гүлнар Сиқымбаева. Видеодан кадр: Youtube/Zhuldyz TV

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Гүлнар Сиқымбаева алғаш рет күйеуі жайлы сыр шертті. Өнер иесі "Мақсаты жеткендер" бағдарламасында 38 жыл отасқан күйеуінің өзге ұлттан екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бірінші рет айтайын. Мұны айту маған оңай емес. Ащы болса да, айтайын. Мұны айту - өзіме ауыр. Ол кісімен 38 жыл өмір сүрдік. Ауыр дейтін себебім, балаларымның әкесі, өзімнің жарым басқа ұлттан, славян халқынан. Бірақ өзіме өте жайлы болды.

Ол кісімен "Гүлдер" ансамблінде таныстық. Ол дыбыстық режиссер, жарық қоюшы еді. Тура концертке шығар кезде, аяқ киімімнің өкшесі түсіп қалады. Салмағым да оңай емес. Мен қалай шығамын? Енді қайттім? Жаңағы жігіттің сынған аппаратты балғамен ұрып жатқанын көргенмін. Соған жүгіріп бардым да, "Жөндеп берші" деп айттым. Тағдыр шығар, неге жүгіргенімді білмеймін?! Ол балғасымен өкшені тарс-тарс қағып берді.

Зал толы, көрермен көп. Сондай қиындықтан алып шыққан жігітті қалай шайға шақырмаймын деп ойладым. Бір-екі бишіні, жаңағы жігітті шайға шақырдым. Ертесіне 8-наурыз екен, ол маған бір тал гүл сыйлады. Концерттен кейін ол жігіт мені кафеге шақырды. Содан аралас-құралас болып кеттік. Соңында тағдыр ғой, сол жігітке тұрмысқа шықтым. Қазақтың бір жігіті маған ол сияқты қараған емес.

Кешке концерттен келгенде легенге су құйып, "Шаршадың ғой" деп аяғымды жуып беретін. Қамырымды илеп, манты мен бауырсағымды пісіріп беретін. Ондай жігітті неге сыйламасқа? Қатты ұнаттым. Тағдырым солай болар", - деді әнші.

Әнші өзге ұлт жігітіне тұрмысқа шыққаны үшін әкесінің бес жылға дейін хабарласпай кеткенін айтты.

"Әкем 3-5 жыл қарамай, хабарласпай қойды. Қайын жұртымда енем мен күйеуімнің жалғыз әпкесі болды. Енем маған тамақ дайындатқан емес. Адамнан жасырғанмен, Құдайдан жасыра алмаймын.

Балам - мұсылман. Жолдасым балама өзіңнің тегіңді бер деді. Бірақ баламды сүндетке отырғызғанда күйеуім қатты ренжіді. "Жаратушы бір. Баланы неге қинадың?" деді", - деп еске алды Гүлнар Сиқымбаева.

Еске сала кетейік, осыған дейін әнші неліктен тыңдарман назарынан тыс қалғанын ашып айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060137-qazaqtyn-bir-zigiti-ol-siyaqty-qaragan-emes-gulnar-siqymbaeva-38-zyl-otasqan-kuieuinin-ozge-ulttan-ekenin-aitty/

pixel