Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шақырмай жүргеніне ренішім бар": көрінбей кеткен әнші Гүлнар Сиқымбаева жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Гүлнар Сиқымбаева
Гүлнар Сиқымбаева. Видеодан кадр: "Мақсатына жеткендер" бағдарламасы

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Гүлнар Сиқымбаева бірнеше жыл бойы тыңдарман назарынан тыс қалған. Өнер иесі "Мақсатына жеткендер" бағдарламасында концерт ұйымдастырушыларына өкпесін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесінің айтуынша, ол бірнеше жылдан бері Қазақ Ұлттық Қыздар университетінде сабақ береді екен.

"Он жылдың көлемі болды, жоғары оқу орынында сабақ беремін. Вокал дейді ғой, ән үйретуден сабақ беремін. Өнерге өкпем жоқ. Өнер арқылы елге танылдым. Өнердің арқасында елден бата алдым. Алматыға өнер іздеп келіп, тұрмысқа шықтым.

Біздің жасымызда көп жерге концертке шақыра бермейді. Өйткені, қазір күніне оншақты әнші шығып жатқаны өтірік емес. Біздерді шақырмай жүргеніне ренішім бар. Өнерге өкпем жоқ. Бірақ концерт ұйымдастырушыларына өкпем бар. Жаңа әндер жазылып, жастықтың астында жатыр. Шақырып жатса, жаңа әндерім дайын", - деді Сиқымбаева.

Сонымен қатар әнші жеке кешін қаржы мәселесіне байланысты өткізе алмайтынын мәлім етті.

"Қазір жеке кешімді өткізу үшін Республика сарайын жалға ала алмаймын. Үш мың халық жинай алмаймын. Ол кезде билеттің бағасын көтеру керек. Көзге көрінбейтін заттар көп. Шақырған әншілерге де беру керек. Қаржы мәселесі қиын. Ал Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында жылда жеке кешімді өткіземін. Мүмкін өзім де дұрыс есікті қаға алмай жүрген шығармын. Өзім кінәлімін", - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060155-saqyrmai-zurgenine-renisim-bar-korinbei-ketken-ansi-gulnar-siqymbaeva-zan-syryn-aqtardy/

pixel