Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолым болды": Ерке Есмахан күйеуі Raim-ды жер-көкке сыйғызбай мақтады

Опубликовано:

RaiM и Ерке Есмахан
RaiM и Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан өмірлік серігін таңдаудан еш қателеспегенін айтып, желіде көпшілікке жолдасы Raim-ды мақтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Эстрада жұлдызы жолдасы бүгінде бар жағдайын жасап, бала қарауға да барынша көмектесіп жүргенін айтты. Ол Instagram парақшасында әкесі мен баласының серуендеп жүрген видеосын жариялап, Raim-ның жары болғанына аса қуанышты екенін жеткізді.

"Жандарым. Әкесі мен ұлы демалыс күні таза ауада екі сағаттай жүріп қайтты. Үйге қайтып келе жатқанда түсіріп алдым. Исламның әкесімен, менің күйеуіммен жолым болды. Аллаға шүкір", - деп жазды Ерке Есмахан.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан үй шаруасымен мүлдем айналыспайтынын айтқан болатын. Әнші үйінде бірнеше көмекшісі бар екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060401-zolym-boldy-erke-esmaxan-kuieui-raim-dy-zer-kokke-syigyzbai-maqtady/

pixel