Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жауапкершілігі жоқ ана емеспін": Жұлдызай Дүйсенбиева қызы жайлы сұраған оқырманына жауап берді (фото)

Опубликовано:

Жұлдызай Дүйсенбиева "Ниет" бағдарламасында
Жұлдызай Дүйсенбиева. Фото: instagram/zhuldizay_duisenbieva

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева қызына қарасатын көмекшісі барын айтты. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында оқырман сынына жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі актрисадан қызы жайлы сұраған.

"Негізі қызыңыз мектепке барады ма?", - деп сауал жолдаған желі қолданушысы.

Ал өнер иесі қызына қарайтын арнайы көмекшісі барын жеткізді.

"Сабаққа барады. Жауапкершілігі жоқ ана емеспін. Демалыс күндері жанымда жүреді. Оған рұқсат беретін шығарсыздар. Кеше сенбі ғой, демалыс. Уайымдамаңыздар", - деп жауап берген актриса.

Жұлдызай Дүйсенбиева
Жұлдызай Дүйсенбиева. Скриншот: instagram.com/zhuldizay_duisenbieva

Айта кетейік, актриса бүгінде жолдасы Өмірсерікпен бірге бір қыз тәрбиелеп отыр.

Өнер иесі отандық бағдарламада тағы да сәбилі болуға денсаулығы жарамайтынын және күйеуіне ұрпақ жалғастыру мақсатында екінші рет үйленуге рұқсат бергенін де ашып айтты.

"Бұйырып жатса, болар. Болмаса, "Қарастырыңыз, өкпе жоқ" деп екінші жолын папасына айтқанбыз..."Ұрпақсыз қалып бара жатырмын" десе, мен өкпелемеймін. Өкпелеуге қақым жоқ. Адамды байлап, жаныма ұстауға қақым жоқ. Ақты ақ, қараны қара деймін.

Денсаулығым жарамаса, осындай тағдыр болса, осыған көнуім керек. Кім біледі, Алла шебер ғой. Бермесе, өкпем жоқ. Алла қызыма ғұмыр берсін. Жолдасыма да өкпем жоқ. Екінші отбасын құрамын десе, мархабат. Ол кісі "қойшы, бір әйел жетеді" деп уайымдап жүр", - деген болатын Жұлдызай Дүйсенбиева.

Еске сала кетейік, осыған дейін актриса күйеуімен ажырасқаны жайлы қауесеттің хайп екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060408-zauapkersiligi-zoq-ana-emespin-zuldyzai-duisenbieva-qyzy-zaily-suragan-oqyrmanyna-zauap-berdi-foto/

pixel