Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тамаша дуэт": Димаш Құдайберген мен інісі Omir әнін жанды дауыста орындады (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген, Әбілмансұр Құдайберген
Димаш Құдайберген, Әбілмансұр Құдайберген. Фото: instagram.com/dimash.onelove

Танымал әнші Димаш Құдайберген мен оның інісі Әбілмансұр көпшілікке Omir әнінің жаңа нұсқасын ұсынды. Димаш видеоның үзіндісін Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген өз репертуарындағы Omir әнін інісі Әбілмансұрдың сүйемелдеуімен орындады.

Әншінің інісі гитарада ойнаса, ал Димаш пианиномен ән айтты.

"Omir әнін Әбілмансұрмен жаңа нұсқада орындадық", - деп атап өтті Димаш өз жазбасында.

Димаштың бұл видеосына композитор Игорь Крутой пікір қалдырып, қолдау білдірді.

Сонымен қатар танымал әншінің жазбасына өзге тыңдармандары да жарыса пікір білдірді.

"Керемет орындау", "Жарайсыздар", "Маған ұнап тұр", "Тамаша дуэт", - деп жазды Димаштың тыңдармандары.

Айта кетейік, аталмыш әннің толық нұсқасы әншінің YouTube арнасында бар. Бейнебаян жарияланғаннан кейін 16 сағат ішінде 100 мыңнан астам қаралым жинап үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060457-tamasa-duet-dimas-qudaibergen-men-inisi-omir-anin-zandy-dauysta-oryndady-video/