Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сотта жеңіске жеттік": Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы жұбайы қуанышты жаңалығын бөлісті

Опубликовано:

Кенжебек Нұрдолдай
Кенжебек Нұрдолдай. Скриншот: Stars News youtube арнасы

Отандық әнші Кенжебек Нұрдолдайдың бірінші некесі осыған дейін біраз уақыт қоғам талқысына түскен болатын. ДНҚ тапсырып, бұрынғы әйелінен туған баланың өзінікі екені дәлелденген әншіге қатысты тың дерек шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы оның бұрынғы әйелі Жамилия Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Руслан Өтепбай мен заңгерімнің арқасында, біз сотта жеңіске жеттік. Баламның әкесіне қойған талаптарым Қазақстан Республикасының заңы бойынша толық орындалады.

Мәселені тек заң тұрғысынан, нақты шештік", - деп жазды Жамилия.

Еске сала кетейік, кеше Кенжебек Нұрдолдай бұрынғы әйелінің айтқанын жоққа шығарып, оны ұрмағанын айтқан болатын. Өнер иесі үйленбегені жайлы жалған ақпарат таратқанын айтып, бірінші әйелі мен оның ата-анасынан кешірім сұрады.

Сонымен қатар әнші бірінші әйелінен туған баланың өзіні екенін растау үшін ДНҚ сараптамасын тапсырды. ДНҚ нәтижесі бойынша әнші мен кішкентай нәрестенің қан сәйкестігі 99,97 пайызды құрады.

Ал осыдан кейін өнер иесі екінші рет шаңырақ көтергенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060679-sotta-zeniske-zettik-kenzebek-nurdoldaidyn-buryngy-zubaiy-quanysty-zanalygyn-bolisti/

pixel