Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлымды қабылдаса деймін": әнші Ayree болашақ жұбайына қояр талабын айтты

Опубликовано:

AYREE
AYREE. Фото: instagram.com/ayreeofficial

Көпшілікке Ayree лақап есімімен танымал әнші Әйгерім Рақышева 18 жасында тұрмысқа шыққанын және ерекше баланы тәрбиелеп отырғанын айтқан болатын. Өнер иесі "Жарқын жүздесу" бағдарламасында болашақ жұбайына қандай талап қоятынын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің ойымша, бәрі уақытымен. Менің теңім бір жерде жүр. Жігіттердің қалталы болуы маңызды емес. Шыны керек, ақшаға қарамайтын қызбын.

Меніңше, сенің адамың өзің үйің секілді жайлы болуы керек. Адамгершілігі мол болса, анам мен әкемді құрметтесе, бақытты қыламын десе, құшақ жая қарсы аламын. Мені және ұлым Әлиханды қабылдаса деймін", - деді әнші.

Еске сала кетейік, Әйгерім Рақышева 18 жасында тұрмысқа шыққанын, ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтып, жан сырын ақтарған болатын. Сонымен қатар әнші бүгінгі таңда ажырасып кеткенін де баяндап берді.

"19 жасымда алғаш рет ана атандым. Менің ұлым дүниеге келді. Қазір ол 12 жаста, есімі - Әлімхан. Менің ажырасуымның тағы бір себебі, ерекше баланы дүниеге әкелдім. Ұлыма тоғыз айлығында церебральды сал ауруы (ДЦП-ред.) диагнозын қойды. Біздің отбасымыз мұндайды күтпеді, қиын болды", - деген болатын әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060680-ulymdy-qabyldasa-deimin-ansi-ayree-bolasaq-zubaiyna-qoyar-talabyn-aitty/

pixel