Актриса Гүлназ Жоланова ана атанды
Жарияланған күні:
Актриса Гүлназ Жоланова былтыр келін атанған болатын. Өнер иесінің ана атанғаны белгілі болды, деп жазады REVUE NEWS бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Актрисаның бұл жаңалығын Гүлнұр Мамасарипова айтып қойды.
"Гүлназ ылғи "Неге мені шақырмайсыз?", "Неге мені түсірмейсіз?" деп сұрайтын. Саған бір рөл бұйырмай жатыр дейтінмін. Осы жолы бірнеше актрисаны қарадым. Гүлназға хабарлассам, "Түскім келген кезде шақырмай, декретте отырғанда шақырғаныңыз қалай?" дейді. Балаңа қараймыз. Бүкіл группа бала күтуші боламыз, түсші дедім. Өзім қараймын дедім. Сонымен фильмге Гүлназ түсетін болды", - деді Гүлнұр Мамасарипова.
Ал Гүлназ Жоланова жеке өмірін жариялауға әлі дайын еместігін айтты.
"Бұл - менің жеке өмірім. Бұл сұрақтарға әлі жауап бере алмаймын", - деді Жоланова.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың ақпанында Гүлназ Жолановаға құда түсіп, сырға салғаны белгілі болды. Қуанышты хабарды көпшілікке Ерке Есмахан мәлім еткен болатын.
Ал кейінірек желіде Жоланованың таңдауы түскен азаматтың кім екені жайлы ақпарат тарады.
inbusiness.kz сайтының мәліметінше, Гүлназ Жоланованың жолдасы белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаровтың ұлы. Гүлназ Жоланованың күйеуінің әкесі - мейрамханалар желісінің иесі, белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаров. Өскемен қаласындағы бірнеше мейрамхана мен қонақ үйлердің иесі.
Кәсіпкер "Пять звезд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры және жалғыз құрылтайшысы. "Резиденция Остров" демалыс және демалыс орталығының негізін қалаушы.
Арада уақыт өткенде актриса әлеуметтік желіде үйлену тойының естелігін жариялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060839-aktrisa-gulnaz-zolanova-ana-atandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.