Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағдыр деген нәрсе бар": Ғазизхан Шекербеков өзі шығарған оншақты әннің бір қызға арналғанын айтты

Опубликовано:

Ғазизхан Шекербеков
Ғазизхан Шекербеков. Фото: instagram/gazizkhan

Композитор Ғазизхан Шекербеков өзі шығарған әндердің көбісі бір аруға арналғанын айтты. Өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында аталмыш әндердің көбісін Қайрат Нұртас орындағанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өмірімде жаралы сезім бар. Оқу бітіргеннен кейін, оқу оқитын кезімде жаралы сезім болды. Ол үйленгенше созылды. Жалпы адам ары қарай қадам басуы керек қой. Бұйырмай қалу, тағдыр деген нәрсе бар ғой. Мойындағаннан кейін, жан-жағыма қарасам, одан да сұлу қыздар бар екен. Солай үйленіп кеткенбіз.

Оған арналған туындыларым бар. Оның көбісін Қайрат Нұртас айтты. Өзім орындамадым. "Аңсайды жаным", "Сен де, мен де", "Мен оралам" деген әндер арналды. Оншақты ән арналды. Оның бес-алтауы хит болды. Ол енді білмейді. Себебі, біз хабарсыз кеткенбіз. Мен тек ішімдегіні шығардым", - деді Шекербеков.

Еске сала кетейік, әнші Ғазизхан Шекербеков әйеліне бірнеше кездесуден кейін бірден үйленгенін айтқан болатын. "OZMZғой" бағдарламасында композитор жұбайымен шаңырақ көтергесін жақынырақ танысқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060899-gazizxan-sekerbekov-ozi-sygargan-onsaqty-annin-bir-qyzga-arnalganyn-aitty/

pixel