Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орыны бөлек": "Нысана" актері 17 жыл бұрын жоғалған әкесін айтып, көзіне жас алды

Опубликовано:

Жарас Ахметов
Жарас Ахметов. Видеодан кадр: NURLY ZHAN/Youtube

"Нысана" театрының актері Жарас Ахметовтің әкесі осыдан 17 жыл бұрын жоғалып кеткен. Өнер иесі NURLY ZHAN бағдарламасында әкесін іздеу жұмыстары нәтиже бермегенін айтып, көзіне жас алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазір қолымда анам бар. Келіншегім мен бес балам бар. Төрт қыз бен бір ұл тәрбиелеп отырмын. 2007 жылы не болғанын түсінбей қалдым. Әкем жоғалып кетті. Қарындасымның үйіне барып, хат қалдырып кеткен. "Барлықтарыңа ризамын" деген де, сонымен жоқ болып кетті. Бұл әңгімені еш жерде айтпай жүр едім.

1,5 жыл бойы іздедім. Бүкіл Қазақстан бойынша қандай сыбыс шығады, іздеймін. Алматыдан іздедім. Төрт ай бойы көше кезген адамдармен бірге жүрдім. 1,5 жыл іздеудің нәтижесі болмады. Әлі күнге хабар жоқ. Егер осы бағдарламаны көрсе, табылса, қайтып келуге ұялып жүретін болса, кешіреміз. Үйге келсін деймін. Әкенің орыны бөлек. Табылса деп қанша туысымыз күтіп отыр. Мені жүргізуші болып жүріп оқытты. Ондай әкені қалай жақсы көрмейсің? Үйде бір ұл, бір қызбыз. Бәрібір сағынасың. Жалпы, әкеме ризамын", - деді Жарас Ахметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060912-oryny-bolek-nysana-akteri-17-zyl-buryn-zogalgan-akesin-aityp-kozine-zas-aldy/

pixel