Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ара бағуды көршімнен үйрендім": "Нысана" театрының актері өнерден бөлек бірнеше кәсібі барын айтты

Опубликовано:

Жарас Ахметов
Жарас Ахметов. Фото: instagram.com/zharas_ahmetov

"Нысана" театрының актері Жарас Ахметов өзінің жеке кәсіппен айналысатынын айтты. Өнер иесі NURLY ZHAN бағдарламасында мейрамханасы мен бал бизнесі жайлы баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мейрамхананың атауын өзім ойдан шығардым. Бір сөзде бірнеше дауысты әріп кездессе, ол тез жатталады. Қазір хайптың заманы ғой. Соны ойлап жүрдім. Құр театр деп, таңнан-кешке дейін жүре бермейсің ғой. Бірнәрсені алу керек, бірнәрсені сату керек.

Алғашында бал сататын болды. Кейін мейрамхана болып өзгерді. Балды да әлі сатамыз. Ара бағуды көршімнен үйрендім. Сол кісіге мектеп шығып, көмектесетінмін. Сол кісіге үш жыл көмектесіп, үйрендім. Білетін нәрсемен бір айналысып көрейін дедім де, бастадым. Әлі ара бағамыз", - деді актер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жарас Ахметов туған әкесінің осыдан 17 жыл бұрын жоғалып кеткенін және әлі күнге табылмағанын айтып, көзіне жас алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060952-ara-bagudy-korsimnen-uirendim-nysana-teatrynyn-akteri-onerden-bolek-birnese-kasibi-baryn-aitty/

pixel