Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өсиет сияқты болуы керек": әнші Ғазизхан Шекербеков әйеліне қанша ән арнаған

Опубликовано:

Ғазизхан Шекербеков
Ғазизхан Шекербеков. Фото: instagram.com/gazizkhan

Сазгер Ғазизхан Шекербеков жүрегін жаралаған аруға оншақты ән арнағанын айтқан болатын. Әнші "ХабарLike" бағдарламасында әйеліне арналған әндерінің де баршылық екенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әйеліме арнаған өлең бар. Оны да Қайрат Нұртаспен айттым. "Бота көздерің" деген ән болатын. Сосын "Аңсағаным" деген ән бар. Одан кейін де көп ән арналды. "Еркекпін мен", "Ерігіп жүрген ешкім жоқ" әндері де әйеліме арналды", - деді Ғазизхан Шекербеков.

Сонымен қатар өнер иесі енді қызына ән шығару туралы ойының барын айтты.

"2019 жылы екінші қызым өмірге келді. Содан бастап қызға ән шығарғым келді. Одан кейін Еркеш Хасеннің әні шықты. Мен ән жазғым келгенімен, оны жеткізетін сөз таппадым. Менің айтқым келген сөз басқаша еді. Болмады.

Жалпы, алдағы уақытта жазатын шығармын. Аман болса, ұзатылғанда да айта береміз. Қызым, еркем, сұлуым, әкесінің қызы деген сияқты сөзбен айта алмаймын. Әнім өсиет сияқты болуы керек. Әннің сөзі қызымның миында қалып кетуі керек. Бойжеткенде "Әкем солай деп еді" ғой деуі керек. Әйтпесе, кім қызына "күнім", "жаным" демей жатыр? Менің ойым осы", - деді Шекербеков.

Айта кетейік, осыған дейін сазгер Ғазизхан Шекербеков өзі шығарған әндердің көбісі бір аруға арналғанын баяндап берген болатын. Өнер иесі тіпті аталмыш арудың ол әндердің өзіне арналғанын білмейтінін де жеткізді.

Еске сала кетейік, әнші Ғазизхан Шекербеков әйеліне бірнеше кездесуден кейін бірден үйленгенін айтқан болатын. "OZMZғой" бағдарламасында композитор жұбайымен шаңырақ көтергесін жақынырақ танысқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060961-osiet-siyaqty-boluy-kerek-ansi-gazizxan-sekerbekov-aieline-qansa-an-arnagan/

pixel