"Қиындықтар бар": әнші Мақпал Исабекованың ажырасып кеткені рас па
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекованың жеке өмірі соңғы уақытта қызу талқылануда. Халық арасында тіпті өнер иесінің ажырасып кеткені жайлы қауесеттер тараған. Шоу-бизнес жұлдызы бұл тұрғыда оқырмандарын көп күттірмей, ел көкейінде жүрген басты сұраққа жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мақпал Исабекова Instagram парақшасында өзінің ажырасып кеткені жайлы қауесетке жауап беріп, соңғы уақытта жеке өміріне қатысты айтылып жатқан сөздерге нүкте қойды.
Өнер иесі бүгінде отбасылық өмірінде қиындықтар бар екенін жасырмады. Алайда ерлі-зайыпты ажырасуға ниетті емес екен.
"Қыздар менің бақытыма орай ма, әлде өкінішке орай ма бұл өмірдегі уайымның барлығы ер адамдармен ғана байланысты емес. Әсіресе менің өмірімде. Біз ажырасып жатқан жоқпыз, ажыраспаймыз да. Қиындықтар бар. Бұл бәрінде бар жағдай емес пе? Бұл өмір. Ал отбасылық өмірде тіптен түрлі дүние болады", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Исабекова екінші сәбиін күтіп жүргенін хабарлаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061066-qiyndyqtar-bar-ansi-maqpal-isabekovanyn-azyrasyp-ketkeni-ras-pa/