Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1 ай күтім керек": әзілкеш Нұрболхан Шараповқа ота жасалды (видео)

Опубликовано:

Нұрболхан Шарапов
Нұрболхан Шарапов. Фото: YouTube/Aman Tasygan Live

Қазақстандық танымал әзілкеш Нұрболхан Шараповтың денсаулығы сыр берді. Өнер иесі Түркияға емделуге барып, асқазанына ота жасатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболхан Шарапов отадан кейін Instagram желісінде байланысқа шығып, қазіргі жағдайын айтты. Әзілкеш отадан кейін бір ай көлемінде күтім қажет екенін жеткізді.

Өнер иесі өзі ем алған аураханадан видео жариялады. Бейнежазбадан оның қан тапсырып, артынан дәрігерлер қарауында болғанын көруге болады.

"Астың қазаны. Неше жылдан берi келе жатқан проблемам. Кәдiмгiдей жарты жолға келiп қалыпты. Ақыры сәтi түсiп, Стамбулға келiп асқазанға ремонт жасатып бастадым. Алғыстан басқа айтарым жоқ, ақшам да жоқ! Аллаһ разы болсын! İстерiңе береке берсiн! Сендер болғаннан кейiн ба, уайым болмады. Түрiктiң мықты профессорларының қарауында болдым. Шүкiр! Ендi 1 айлық күтiм керек. Сосын аттай шауып, құстай ұшып, ешектей жұмыс iстеп, тышқандай тiрнектеп, шошқа құсап тамақты опыра бересiң. "Бастысы, күтiмдi ұмытпа" дедi", - деп жазды әзіілкеш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061366-1-ai-kutim-kerek-azilkes-nurbolxan-sarapovqa-ota-zasaldy-video/

pixel