Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үнді қызының кейпіне енген Қайрат Әділгерей елді күлкіге қарқ қылды (видео)

Опубликовано:

Қайрат Әділгерей
Қайрат Әділгерей. Видеодан кадр: instagram.com/kairat_adilgerey

Актер Қайрат Әділгерей әлеуметтік желіге ерекше видео жариялады. Әзілкеш арнайы қосымша арқылы үнді қызының кейпіне енген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан үнді қызының кейпіндегі Қайрат Әділгерейді байқауға болады. Арнайы қосымша арқылы жасалған видеода актердің үстіне үндінің ұлттық киімі киіліп, сырға мен алқа тағылған.

Мың бұрала билеген видеосына актер "Осы видео өзіме өтеді", - деп жазба қалдырған.

Ал желі қолданушылары алғашында видеоның Қайрат Әділгерейге қатысы барын мүлде байқамағанын айтты.

"Біреуге ұқсайды деп отырмын", "Күшті істеп тұрсың деп, сеніп қалдым", "Өзің ба?", "Бұл кісі өнер адамы. Сондықтан не жасаса да, жарасады деп ойлаймын", "Қайрат Әділгерейден аумайтын қандай үндінің әйелі деп ойладым", "Адамға адам ұқсайды екен ғой деп отырсам, Қайраттың өзі екен ғой", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061628-undi-qyzynyn-keipine-engen-qairat-adilgerei-eldi-kulkige-qarq-qyldy-video/

pixel