Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуім бізді алып кетті": әнші Мақпал Исабекова ұлымен Шымкентке қоныс аударды

Жарияланған күні:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/p/CRT1TzTsuJE

Жақында екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін хабарлаған Мақпал Исабекова ұлымен бірге Шымкент қаласына көшіп кетті. Өнер иесі бүгінде жүктілігінің бесінші айына келіп қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова қоныс аударғанын Instagram парақшасында оқырмандарына хабарлады. Сөзінше, отағасы ұлы екеуін Шымкент қаласына алып кеткен.

"Қазіргі уақытта 19 аптамыз. Маған көмектесетін бала күтушім жоқ. Жақындарым да көмектесе алмайды. Сол себепті күйеуім бізді Шымкентке алып кетті. Бұл жерде жалғыз емеспін, шүкір", - деп жазды өнер иесі.

Мақпал Исабекованың Stories-i
Мақпал Исабекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/makosyai

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Исабекова екінші перзентін күтіп жүргенін хабарлаған болатын.

Өнер иесі бұл жаңалықты күйеуіне қалай хабарлағанын айтып, оның қандай әсерде болғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061688-kuieuim-bizdi-alyp-ketti-ansi-maqpal-isabekova-ulymen-symkentke-kosip-ketti/