Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі немерем бар": Жұбаныш Жексенұлы отбасы жайлы айтты

Опубликовано:

Жұбаныш Жексенұлы
Жұбаныш Жексенұлы. Видеодан кадр: "Жарқын жүздесу" бағдарламасы

Әнші Жұбаныш Жексенұлы отбасы жайлы сыр шертті. Өнер иесі "Жарқын жүздесу" бағдарламасында екі ұлынан екі немересі барын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Екі немерем бар. Ләйлім және Гәкку деп есімін қойдық. Ләйлім - Әбілқайырдың қызы. Гәкку - Жанәділдің қызы. Екеуіне де әннің атын қойдық. Әнге бейімі өсе келе белгілі болады ғой. Біз баланы тәрбиелегенде "Мынадай боласың" демейміз. Тек қолымыздан келгенше қолдау көрсетеміз.

Ұлым Әбілқайырдың өзінің жолы, шығармашылығы бар. Өзінің жазған әндерін ғана айтады", - деді Жұбаныш Жексенұлы.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын отандық танымал әнші Жұбаныш Жексеннің ұлы италиялық аруға үйленген болатын. Өнер иесі ұлының өзге ұлт өкіліне үйленуге қарсы болғанын және қазір келініне риза екенін жасырмады.

"Мың келінге татитын бір келін" деп айтуға болады. Ақылы көркіне сай. Ең бастысы ойының тереңдігі, оқығаны. Ол - консерваторияның пианино сыныбын қызыл дипломмен бітірген музыкант. Музыканттың соншалықты саяз болуы мүмкін емес. Ұлым - гитарист. Гитарист пен пианисттен туған үйде кішкентай немерем бар. Ол - менің қуанышым", - деді Жұбаныш Жексенұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061972-eki-nemerem-bar-zubanys-zeksenuly-otbasy-zaily-aitty/

pixel