Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болмайтын сияқты": актер Қайрат Әділгерейдің кино түсіруден бас тартқаны рас па

Опубликовано:

Қайрат Әділгерей
Қайрат Әділгерей. Фото: Instagram/kairat_adilgerey

Актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей осыған дейін бірнеше фильмге продюсерлік еткен болатын. Өнер иесі REVUE NEWS бағдарламасында әзірге бұл саладан демалатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қытайда түсіріліп жатқан фильмде продюсер емеспін. Тек актер ретінде қатысып жатырмын. Әзірше демаламын. Бұл саланы бойымнан өткізіп көрдім. Қиын. Актерміз, сезімталмыз. Бұл бізге болмайды. Маған мысалы болмайтын сияқты", - деді Қайрат Әділгерей.

Бағдарлама мәліметіне сүйенсек, Қайрат Әділгерей "Хотябы кинода", "Сәлем, Еуропа" фильмдеріне продюсерлік еткен.

Еске сала кетейік, Қайрат Әділгерей былтыр сәуір айында төрт бөлмелі пәтер алғанын айтқан болатын. Өнер иесі көпшілікке құрылысы аяқталған үйін көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062090-bolmaityn-siyaqty-akter-qairat-adilgereidin-kino-tusiruden-bas-tartqany-ras-pa/

pixel