Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл жолы ренжіткен жоқ": "Жаралы сезім" фильмінде Қанаттың рөлін ойнаған актер гонарары туралы айтты

Опубликовано:

Жаралы сезім
"Жаралы сезім" фильмінің жабық көрсетілімі. Фото: KAZ.NUR.KZ

Осыдан 17 жыл бұрын жарыққа шыққан "Жаралы сезім" фильмінің екінші бөлімі үлкен экранға жол тартты. Фильмнің жабық көрсетіліміне актерлар түгел келді. Фильмдегі Қанаттың рөлін ойнаған Берік Арықбаев көрсетілім алдында түсірілімнің қалай өткені туралы, гонорары туралы журналистердің сұрағына жауап берді.

Актер Берік Арықбаев "Жаралы сезім" фильмінің алғашқы бөлімінде басты рөлде болса, бұл жолы оқиға кинодағы ұлы Азаматтың айналасында өрбиді. Берік Арықбаев фильмнің жалғасына түсуге бірден келісім берген.

"Сценарийді оқып шықтым, ұнады. Бірден келістім. Бұл бөлімде басты рөлде емеспін, онда менің кинодағы ұлым Азаматты көресіздер", - дейді актер.

Сондай-ақ Берік Арықбаев кинодағы серіктері туралы пікір білдірді. Айта кетейік, фильмнің жалғасына алдыңғы бөлімде Арайдың рөлін алып шыққан Регина Шамғұнова түскен жоқ.

"Менің ойымша, актер түрлі жағдайға дайын болуы керек. Әр кезде әртүрлі жағдай болады ғой, мен бәріне дайынмын. Сондықтан өзіммен бірге ойнаған актрисаларды анау жақсы, мынау жаман деп салыстыра алмаймын", - деді актер.

Берік Арықбаев
Берік Арықбаев. Фото: KAZ.NUR.KZ

Актер осы аралықта бірнеше жобаға шақыру алғанын айтады, ең үлкені былтыр Қырғызстанда түсірілген фильмдегі басты рөлі екен.

"Осы аралықта киноға ірілі-ұсақты ұсыныстар түсті. Былтыр ғана Қырғызстанда "Министр қыздың махаббаты" фильмінде басты рөлде ойнап шықтым. Одан бөлек кішігірім, эпизодтағы рөлдерім болды", - дейді ол.

Сөз соңында актер "Жаралы сезім-2" фильмінің түсірілімінен алған гонорары туралы айтты.

"Гонарар туралы айтар болсам, бұл жолы ренжіткен жоқ", - деп нақтысын құпия ұстауды жөн көрді актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062210-bul-zoly-renzitken-zoq-zaraly-sezim-filminde-qanattyn-rolin-oinagan-akter-gonarary-turaly-aitty/

pixel