Желіде Жігер Ауыпбаевтың "қайтыс болғаны" жайлы хабар тарады: әнші пікір білдірді (фото)
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде әнші Жігер Ауыпбаевтың "қайтыс болғаны" жайлы жалған ақпарат тараған. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында бұл жаңалыққа қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әлеуметтік желіде жарияланған хабарда Жігер Ауыпбаевтың "өз-өзіне қол жұмсағаны" жайлы жалған ақпарат айтылған.
"Бүгін таңертең өз-өзіне қол жұмсады. Бір саған бұрын хабарланды. Ауыр хабар", - делінген желіге тараған жазбада.
Ал әнші өзінің "өліміне" қатысты пікір білдірді.
"Осы арнаның түпкі мақсатын түсінбедім. Бір емес, екі емес... Қойсаңдаршы, болды. Мені өлтіріп, не істейін деп жүрсіңдер?", - деп жазды Жігер Ауыпбаев.
Еске сала кетейік, 2022 жылы да белгісіз біреулер желіде Жігер Ауыпбаевтың "қайтыс болғаны" жайлы жалған ақпарат таратып жіберген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062316-zelide-ziger-auypbaevtyn-qaitys-bolgany-zaily-xabar-tarady-ansi-pikir-bildirdi-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.