"Бір үйір жылқысы бар": Ерке Есмахан күйеуінен мәһрдің ақшасын алғанын айтты (фото)
Жарияланған күні:
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Раим мәһрге сұраған затының ақшасын бергенін айтты. Ол әлеуметтік желіде тыңдармандарының сауалына жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушысының бірі әншіге "Мәһрге не сұрадыңыз? Айтсаңызшы", - деп сауал жолдаған.
Ал Ерке Есмахан осыған дейін де күйеуінен ақ тұлпар сұрағанын және оның ақшасын алғанын айтты.
"Мәһр деген тренд пе қазір? Жолдасымның жылқылары болғасын, ақ тұлпар сұрағанмын. Ақшасын берді", - деп жауап берді Ерке Instagram желісіндегі парақшасында.
Сонымен қатар Ерке Есмахан күйеуі екеуінің жаңа әнді немесе альбомды қашан шығаратынын айтты.
"Екеуміз де бірнеше жыл жасалған шығармашылықтың, әннің жемісін жеп, демалдық. Жанұяға көңіл бөлдік. Исламды күтіп жүргенде жаңа ән мен бейнебаян шықты.
Енді наурыз айында ортақ концертімізді өткіземіз. Ары қарай Раим трек, бейнебаяндарымен қуантады. Мен де жаңа ән жаздырамын. Жоспар көп", - деп жазды әнші.
Еске сала кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан күйеуінің бір үйір жылқысынан бір ақ тұлпар сұрағанын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062320-bir-uiir-zylqysy-bar-erke-esmaxan-kuieuinen-mahrdin-aqsasyn-alganyn-aitty-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.