jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Шаршап кеттім": Мирас Жүгінісов Алматыға қоныс аударды

    Мирас Жүгінісов
    Мирас Жүгінісов. Фото: instagram.com/zhugunussov.mj

    Әнші Мирас Жүгінісов Астана қаласынан Алматыға қоныс аударды. Өнер иесі REVUE NEWS бағдарламасында елордадан көшуіне не түрткі болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Алматы - шығармашылықтың алаңы. Сондықтан мен үшін ыңғайлы. Астанада көп тұрдым. Ол жақта өзіңмен-өзің жүресің. Астанада жалғыз жүріп, шаршап кеттім. Ортаң әртүрлі болуы мүмкін, көбінесе кәсіпкерлермен араласасың", - деді Мирас Жүгінісов.

    Сонымен қатар өнер иесі шығармашылыққа мықтап кіріскенін айтты.

    "Жаңа әндер шығады. Жақында бейнебаян түсірдім. Дайын болып қалды. Бейнебаяннан бөлек концерт ұйымдастырамыз. Тұрар Ыдырыспен бірігіп, Қазақстан бойынша тур жасаймыз", - деді Мирас Жүгінісов.

    Еске сала кетейік, бұған дейін көпшілікке ерекше әндерімен танымал әнші Мархаба Сәби өнердегі әріптесі Мирас Жүгінісовке өкпесін айтқан болатын.

    "Шаршап кеттім": Мирас Жүгінісов Алматыға қоныс аударды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.