Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"40 жылдық бақыт сыйлап кетті": әнші Наркенже Серікбаева марқұм күйеуін еске алды

Жарияланған күні:

Наркенже Серікбаева күйеуімен
Наркенже Серікбаева күйеуімен. Видеодан кадр: Instagram/narkenjeserikbaeva

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның жолдасы бірнеше ай бұрын өмірден өтті. Өнер иесі "Пікір Like" бағдарламасында күйеуімен сүрген бес жылға жуық уақытын қырық жылдық бақытқа теңеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қарап тұрсаң, 4 жыл 7 айдың өзі аз емес. Маған қырық жылдық бақыт сыйлап кетті. Ең алғашында, айырылған кезде, біртүрлі күйде қалдым. "Мына өмірде жоқпын ғой" деп ойладым. Алайда ол өмірге кете алмағаннан кейін амал жоқ, өміріңді сүреді екенсің. Өйткені, артымда қызым бар, жиен немерем бар. Болмаса, неше түрлі ой келді. Ой деген жүйрік қой.

Қазір ішімде алпауыт күш бар. Осы жағдайдан кейін пайда болды. Мен "Қандай сынақ болса да, шыдайм, төзем" деп жүретін едім. Хамиттің қазасы маған оңайға соқпады. Ішім алай-дүлей. Қазіргі өмірім Құдайға шүкір! Менің жылауға уақытым жоқ. Артыма қарауға да уақытым жоқ. Бүгін Хамит кетсе, ертең кім кететінін Құдай біледі. Мен кетіп қалам ба? Сол үшін барлығына дайын боламын. Барлығына үлгерейін деген ой пайда болды", - деді Наркенже Серікбаева.

Айта кетейік, Наркенже Серікбаеваның жұбайы өмірден өткені жайлы ақпарат желіге тараған болатын. Кейін өнер иесі бұл хабарды растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062361-40-zyldyq-baqyt-syilap-ketti-ansi-narkenze-serikbaeva-marqum-kuieuin-eske-aldy/