Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наркенже Серікбаева күйеуінің қазасынан кейін сахнаға оралғанын сынаған көпшілікке жауап берді

Опубликовано:

Наркенже Серікбаева
Наркенже Серікбаева. Видеодан кадр: "Пікір Like" бағдарламасы

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның жолдасы осыдан бірнеше ай бұрын өмірден өтті. Өнер иесі "Пікір Like" бағдарламасында күйеуінің қазасынан соң сахнаға оралғанын сынаған көпшілікке жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Маған "Күйеуің кеше қайтыс болды. Тайраңдап жүрсің ғой" деген хаттар келеді. Бірақ мен жылап отыра берсем, оның артынан кім құран оқытады? Оның маған тастап кеткен Хадиясын кім бағады? Кейде пікірлерге жыным келеді. Құдай аясыншы деймін.

Мен құлап жатсам, кім келіп тұрғызады? Мен жолдасымның қырықын, жүзін өткізіп барып шықтым. Біреудің жанына тию оңай ғой. Ондай пікір қалдырғандарды Құдайдан үміті бар адам деп ойламаймын. Ондай пікірге қарамаймын", - деді Наркенже Серікбаева.

Еске сала кетейік, осыған дейін дәстүрлі әнші 4 жыл 7 ай бірге өмір сүрген жолдасының қырық жылдық бақыт сыйлап кеткенін айтқан болатын.

Айта кетейік, Наркенже Серікбаеваның жұбайы өмірден өткені жайлы ақпарат желіге тараған болатын. Кейін өнер иесі бұл хабарды растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062362-narkenze-serikbaeva-kuieuinin-qazasynan-keiin-saxnaga-oralganyn-synagan-kopsilikke-zauap-berdi/

pixel