Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасырып не істеймін": Наркенже Серікбаева махаббатта жолы болмағанын айтты

Опубликовано:

Наркенже Серікбаева
Наркенже Серікбаева. Скриншот: "Менің өмірім" бағдарламасы

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваның жолдасы жақында өмірден өтті. Өнер иесі "Пікір Like" бағдарламасында махаббаттан жолы болмағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Наркенженің өмірде махаббатта жолы болмаған адам дейсің. Оны жасырып не істеймін? Бар нәрсе ғой. Қанша Меккеге барып келсем де, Құдайдан тілеп жатырмын. Алладан күдер үзбеймін. Алла бермесе, мен тартып ала алмаймын. Ер-азамат жағынан махаббат болмаса да, халықтың махаббаты шексіз.

Бір тойда арқамнан қағып, құлағыма айтып кетеді. Аллаға еш ренішім жоқ. Шүкіршілігім көп, күпірлігім жоқ. ", - деді Наркенже Серікбаева.

Еске сала кетейік, осыған дейін дәстүрлі әнші 4 жыл 7 ай бірге өмір сүрген жолдасының қырық жылдық бақыт сыйлап кеткенін айтқан болатын.

Айта кетейік, Наркенже Серікбаеваның жұбайы өмірден өткені жайлы ақпарат желіге тараған болатын. Кейін өнер иесі бұл хабарды растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062404-zasyryp-ne-isteimin-narkenze-serikbaeva-omirde-maxabbattan-zoly-bolmaganyn-aitty/

pixel