Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйсіз-күйсіз жүрдім": Наркенже Серікбаева бір бөлмелі пәтер әперген бұрынғы облыс әкімі жайлы айтты

Опубликовано:

Наркенже Серікбаева
Наркенже Серікбаева. Фото: instagram/narkenjeserikbaeva

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева үйсіз-күйсіз жүргенінде өзіне жақсылық жасаған адамдар жайлы айтты. Ол "Пікір Like" бағдарламасында бір бөлмелі пәтерді Жансерік Түймебаев бұрын облыс әкімі болған кезінде бергенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біреуден түйірдей жақсылық көрсем, соны түйедей қылып айтуға тырысатын адамгершілік қасиетім бар. Жансейіт Түймебаев облыс әкімі болып тұрғанда бір бөлмелі пәтер берген болатын. Сол кезде үйсіз-күйсіз жүрдім. Сол кісі берген пәтер үлкен үйге ұласты ғой", - деді Наркенже Серікбаева.

Сонымен қатар өзінің үйлі болуына танымал айтыскердің де көмектескенін айтты.

"Ән айтқанда берген доллардың берекесін берді. Сол доллар үйге айналды", - деді Наркенже Серікбаева.

Еске сала кетейік, осыған дейін дәстүрлі әнші 4 жыл 7 ай бірге өмір сүрген жолдасының қырық жылдық бақыт сыйлап кеткенін айтқан болатын.

Айта кетейік, Наркенже Серікбаеваның жұбайы өмірден өткені жайлы ақпарат желіге тараған болатын. Кейін өнер иесі бұл хабарды растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062553-uisiz-kuisiz-zurdim-narkenze-serikbaeva-bir-bolmeli-pater-apergen-buryngy-oblys-akimi-zaily-aitty/

pixel