Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегейдің ұлы мен келіні болашақ сәбиіне гендер-пати өткізді (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей отбасымен
Абай Бегей отбасымен. Фото: instagram.com/niyazkulova_erke

Абай Бегейдің жаңа түскен келіні бірнеше күн бұрын қуанышын бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын. Әншінің ұлы мен келіні отбасы мүшелерінің басын қосып, гендер-пати өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл сәттің естелігін әншінің қызы Instagram парақшасында жариялады.

"Балапан, біз сені күтеміз", - деп жазды әншінің үлкен қызы.

Видеодан Абай Бегейдің ұлы мен келінінің болашақ сәбидің жынысын білуге асығып тұрғанын байқауға болады. Ал келген қонақтар уақытты санап, сәлден соң қызғылт түсті отшашу атылды.

Осыдан кейін жақындары Жалғас пен келіншегін құттықтаған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Абай Бегейдің немерелі болатыны айтылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062827-abai-begeidin-uly-men-kelini-bolasaq-sabiine-gender-pati-otkizdi-video/

pixel