Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шағын құдалық": Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы ұлының бесік тойын өткізді (видео)

Жарияланған күні:

Дина Төреәлі күйеуі мен ұлымен
Дина Төреәлі күйеуі мен ұлымен. Фото: Instagram/tattti_kyz

Әнші Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы былтыр алғаш рет ана атанған болатын. Дина Төреәлі ұлын бесікке салып, бесік тойын өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін Ерманби ұлымыздың бесік тойы өтті. Менің бүгінгі образым қазақы стильдегі өте әдемі тастармен өрнектелген.

Бесік той шағын құдалық секілді болды. Нағашыларының Ерманбиге алып келген бесігі мен бірінші дүниесі. Біраз заттары Америкадан енді келеді екен. Нағашыларына Алла разы болсын! Бәріңізге той жұғысты болсын", - деп жазды Дина Төреәлі Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Дина Төреәлі былтыр қазанда алғаш рет ана атанған болатын.

Желі қолданушылары Динаның бесік тойына құтты болсын айтып, жарыса пікір жазды.

"Құтты болсын", "Жұғысты болсын", "Керемет", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062829-sagyn-qudalyq-toregali-torealinin-kisi-qaryndasy-ulynyn-besik-toiyn-otkizdi-video/