Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әдемі қарттық болсын": Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукәрімова
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукәрімова. Фото: instagram/kair_n

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтап, оған желіде жүрекжарды жазбасын арнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Жұлдыз Әбдікәрімова отағасына деген ақ тілегін Instagram парақшасында жеткізген. Актриса күйеуіне әдемі қарттық тілеп, оған деген асқан сыйластығын білдірді.

"Халықтың, сахнаның, ағайынның Қайраты, туған күніңмен! Өнерің, еңбегің өмір бойы әлдилесін. Абыройың асқақтап, балаларың үшін мақтаныш болуды нәсіп етсін. Тілерім, тура жолдан адастырмай, басыңнан бағың таймай, әдемі қарттық болсын. Тыңдарманның қошеметі кемімесін. Өзіңді сыйлап, бағалайтын жақын жандарың қасыңнан табылсын! Сыйлаймын", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Оған қоса актриса ерекше отбасылық видеоны жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062914-ademi-qarttyq-bolsyn-zuldyz-abdikarimova-qairat-nurtasty-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel