"Жыл сайын қоштасады екенмін": продюсер Гүлнұр Мамасарипова "Келінжанның" жалғасын түсіре ме
Жарияланған күні:
Продюсер Гүлнұр Мамасарипованың "Келінжан" телехикаясы көпшіліктің жүрегінен орын алып үлгерген. Өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында көрерменнің көкейіндегі сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Әр маусым біткенде, "Жоқ, жалғасы болмайды" деп сұхбатты асығыс беремін. Бұл сұрақ "Келінжанның" бірінші маусымынан бері қойылады. Халық, көрермен сұрап жатыр. "Жалғасын түсіресіз бе?" дейді. Актрисалардың да іші пысады, "Келінжанды сағынады". Түсірілім маусымы жақындағанда, "Түсіресіз бе? Телехикаяға түсеміз" дейді. Сонымен көңілшек байғұс "Жарайды" деп қоямын.
Бұл жолы да "Болды. "Келінжанмен" қоштастым" дедім. Қоштасу жазбасын жарияладым. Жылда қоштасу жазбасын жариялайды екенмін, өзіме күлкім келді. Телехикаяның әр маусымы шығатын кезде "Бекер түсірдіңдер. Бұрынғы маусым жақсы еді" деген хейт болады. Сол менің көңіліме тиеді. 2024 жылы бұл сұрақты ашық күйінде қалдырайық", - деді Гүлнұр Мамасарипова.
Еске сала кетейік, бұған дейін продюсер "Келінжанның" ең жоғары гонорары қай актерге тиесілі екенін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062920-zyl-saiyn-qostasady-ekenmin-prodyuser-gulnur-mamasaripova-kelinzannyn-zalgasyn-tusiredi-me/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.