Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас 35 жасын дүркіретіп атап өтті (видео)

Опубликовано:

Мирас Жүгінісов, Қайрат Нұртас, Жансерік Қадырбаев және Amre
Мирас Жүгінісов, Қайрат Нұртас, Жансерік Қадырбаев және Amre. Видеодан кадр: Instagram/kair_n

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас 35 жасқа толды. Халықтың сүйікті әншісі әдеттегідей туған күнін дүркіретіп атап өткен. Мерекелік кеште әншінің жанұясы, танымал жұлдыздар, белгілі блогерлер болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас 35 жасын Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өтті. Өнер иесі туған күнінде барша жақындарының басып қосып, оларға үлкен дастархан жайған.

Әншіні жеке құттықтап келген жұлдыздар арасында Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқожа, Әмре, Назима Жәнібекова, Мирас Жүгінісов, Жансерік Қадырбаев, NNN, Айнұр Асанберді болды.

Қайрат Нұртастың туған күні өнер жұлдыздарының концертіне айналды. Жиналған көпшілік әртіске ақ тілегін жолдап қана қоймай, барша қонақтарға өнерін паш етті.

Сонымен қатар өнер иесінің жеке мерекесінде отбасынан оның анасы мен інісі Заңғар ғана болды. Әншінің өз келіншегі мен балалары бұл кеште бой көрсетпеді.

Жұлдыз Әбдікәрімова желіде күйеуін туған күнімен құттықтап, оған жүрекжарды тілегін жолдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062922-qairat-nurtas-35-zasyn-durkiretip-atap-otti-video/

pixel