Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйленгісі келіп жүр": Құралай Анарбекова блогер NNN екеуінің арасында не бар екенін айтты

Опубликовано:

NNN, Құралай Анарбекова
NNN, Құралай Анарбекова. Фото: instagram.com/kuralay_corich

Отандық танымал актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова елді қызықтырған сұраққа жауап беріп, блогер NNN екеуіне қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі жастар арасында аса танымал желі жұлдызымен өзін не байланыстыратынын түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Соңғы уақытта халық арасында Құралай Анарбекова мен блогер NNN кездесіп жүрген деген қауесет тарап кетті. Актриса қызу талқыланып жатқан тақырыпқа пікір білдіріп, нүктесін қойды.

Ол өзінен сегіз жас кіші блогер екеуінің арасында махаббат жоқ екенін кесіп айтты. Сөзінше, оларды тек жұмыс пен достық байланыстырады.

"Біріншіден, мен оны қатты сыйлаймын. Біз жақсы доспыз. Біз "Вакцина от коррупции" фильмін түсіргенннен кейін маркетинг жағын соған тапсырғанмын. Ол бұл іспен айналысып жүрген кезде бірге көп жерлерге барып жүрдік. Сол кезде екеумізді қоса бастады. Біз растаған да жоқпыз, жоққа шығарған да жоқпыз. Шамалы фильмге де ықпалы тиді. Біз рөл сомдадық. Жақында "Брат или брак" фильмім жарыққа шығады.

Оның да маркетинг жағын Нұрдәулет алды. Барлық жерде әлі де бірге жүреміз. Бірақ арамызда ештеңе жоқ. Тек қана достық, жақсы арақатынас, жұмыс. Мүмкін болашақта да жұмыс істерміз. Өйткені ол бала үйленгісі келіп жүр. Әлеуметтік желілерден де көремін. Мүмкін қызы да бар шығар. Оған кедергі келтіргім келмейді. Жолын байлағым келмейді. Қызына халық менімен қосып жатқаны ұнамайтын да шығар", - деді актриса "Мамский әңгіме" подкастында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063030-uilengisi-kelip-zur-quralai-anarbekova-bloger-nnn-ekeuinin-arasynda-ne-bar-ekenin-aitty/

pixel