Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кейде жүйкеме тиетіні бар": актер Берік Тұрсынбеков "Күлпаш" рөлі жайлы айтты

Опубликовано:

Берік Тұрсынбеков
Берік Тұрсынбеков. Фото: Youtube/Jibek Joly TV

Актер Берік Тұрсынбеков көпшілікке "Күлпаш" рөлі арқылы кеңінен танылды. Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында бұл образды кімнен алғанын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мені Күлпаш арқылы таниды. Әр актердің, әртістің паспорты бар. Өкінішке қарай, менің паспортым - Күлпаш болып тұр. Кейде "Күлпаш, Күлпаш" десе, жүйкеме тиетіні бар. Қазір жас емеспін. Өз жасыма лайықты көңіл бөлгенін қалаймын. Кейде зияны тиіп жатады.

Бірақ сол арқылы таниды. Сол арқылы басқа рөлдерімді қарайды. Концерттерге шақырады", - деді Берік Тұрсынбеков.

Сонымен қатар актер "Күлпаш" образын қайдан алғанын айтты.

"Күлпаш - мен танитын әйелдер образының жиынтығы. Оның ішінде әпкелерім, жеңгелерім, құдаша, құдағиларым бар. Өзімнің сондай алаңғасар жеңгем бар. Өзім сондайды көріп өскенмін. Қайнысы мен жеңгесінің әзілі ұнайды маған. Ұят нәрсені астыртын жеткізіп, әзілдейді. Қазір жеңгеңмен әзілдессең, соттатып жібереді. Жеңгелерімнің образы үшін, естелік ретінде Күлпаш образы шықты. Бұл рөлді әйел ойнаса, бұлай шықпайтын еді.

"Күлпаш" рөлінен шаршайсың ғой. Жалпы, әйел рөлін берсе, ат-тонымды ала қашамын. Жас кезімде кімнің рөлі болса да, бәрібір еді. Қазір таңдай бастадым", - деді Берік Тұрсынбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063067-keide-zuikeme-tietini-bar-akter-berik-tursynbekov-kulpas-roli-zaily-aitty/

pixel